Жаңалықтар
News and press releases
ЕҚЫҰ-ның жаһандық қызметі туралы жаңалықтар мен баспасөз-релиздер
Астанадағы киберқылмыстарға қарсы күрес жөніндегі Ведомствоаралық үйлестіру тобының бірінші отырысы
Publishing date: 17 сәуір 2024
Content type: News
Where we are: ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі
Киберқылмыстарға қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық үйлестіру тобының (бұдан әрі- ведомствоаралық топ) бірінші отырысы Қазақстанның киберқылмыстардың алдын алу мен тергеуді жақсарту жөніндегі күш-жігеріндегі маңызды кезең болып табылады. 14-15 наурызда Астана қаласында ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен тығыз ынтымақтастықта ұйымдастырған іс-шара киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі бірлескен күш-жігерді нығайту стратегиялары мен жоспарларын талқылау үшін 40-тан астам құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдерін жинады.
ЕҚЫҰ ақшаны жылыстату желілеріне, соның ішінде "ақша қашырларын" пайдалануға қарсы күш-жігерді арттыруда
Publishing date: 3 сәуір 2024
Content type: News
Where we are: ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі
What we do: Экономикалық қызмет
2024 жылғы 1 және 2 сәуірде Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (Агенттік) және коммерциялық банктердің өкілдері Алматыда ақшаны жылыстату желілерімен күреске және "ақша қашырлары" қатысатын схемаларды анықтауға арналған екі күндік қарқынды практикалық семинарға жиналды.
Халықаралық тәжірибе алмасу арқылы Қазақстандағы әйел судьялардың мүмкіндіктерін кеңейту
Publishing date: 15 наурыз 2024
Content type: News
Where we are: ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі
What we do: Гендерлік теңдік, Құқық үстемділігі
2024 жылғы 14-15 наурызда Астанада гибридті форматта өткен «Әйел судьялар: кәсіби тәжірибе алмасу және халықаралық ынтымақтастық» атты екі күндік воркшопқа Қазақстанның және шетелдің әйел судьялары жиналды.
ЕҚЫҰ Қазақстандағы цифрлық құқықтар бойынша мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы диалогқа жәрдемдеседі
Publishing date: 5 ақпан 2024
Content type: News
Where we are: ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі
What we do: Адам құқықтары, БАҚ бостандығы және дамуы
30 қаңтар мен 1 ақпан аралығында ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисі цифрлық құқықтар бойынша үш күндік воркшоп өткізу арқылы мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам ұйымдары арасындағы диалогқа жәрдемдесті.
ЕҚЫҰ Қазақстанның активтерді қайтару саласындағы заңнамасы мен мүмкіндіктерін жетілдіру бойынша ынтымақтастықты бастады
Publishing date: 26 қаңтар 2024
Content type: News
Where we are: ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі
What we do: Экономикалық қызмет
2024 жылғы 26 қаңтарда ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар Офисінің Басшысының орынбасары, Юрий Фенопетов, Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы, Нұрдәулет Суиндиков мырзамен кездесіп, Қазақстандағы заңсыз қаржылық қызметке қарсы күрес жөніндегі бірлескен жұмысты талқылады.
ЕҚЫҰ Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы трансшекаралық су жолдарындағы диалог пен сенімді нығайтуға жәрдемдесті
Publishing date: 22 қараша 2023
Content type: News
Where we are: ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі
What we do: Climate change, Экологиялық қызмет, Water management
2023 жылдың 21 қарашасында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының Шу және Талас өзендеріндегі мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы объектілерін пайдалану жөніндегі Комиссиясының Хатшылығы (бұдан әрі – Комиссия) жанындағы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Жұмыс тобының 11-ші отырысы өтті.
ЕҚЫҰ 2011 жылғы Вена құжаты шеңберінде Қазақстандағы әуе база мен әскери нысанға сапарды қолдады
Publishing date: 5 қазан 2023
Content type: News
Where we are: ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі
What we do: Қару-жарақты бақылау
2023 жылғы 3 және 4 қазанда Астанадағы ЕҚЫҰ-ның Бағдарламалар офисі Қазақстанның Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, ЕҚЫҰ-ға қатысушы 25 мемлекеттің верификациялық орталықтары өкілдерінің Талдықорған қаласындағы 604-ші әуе базаға және 37-ші десанттық-шабуылдау бригадасына сапарын қолдады.